Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыОсы күндері Кувейт астанасында стенд атудан Азия Кубогы өтіп жатыр. Сары құрлықтың 350-ден астам мергенін жинаған бәсекеде Ұлттық құрама спортшылары 5 жүлдеге (2 алтын, 1 күміс пен 2 қола) қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтар болсақ, скит бағдарламасы қазақстандықтар үшін олжалы болды. Әуелі Ольга Панарина әйелдер арасында ешкімге дес бермеді. Осы сайыста тағы бір отандасымыз Әсем Орынбай үздік үштікті түйіндесе, Зоя Кравченко 5-сатыдан көрінді.
Ерлер арасындағы скит бағдарламасында Эдуард Ещенко қола жүлдеге ие болды.
Ал Әсем Орынбай, Зоя Кравченко мен Ольга Панарина үштігі командалық сында алтыннан алқа тақса, ерлер құрамасы (Эдуард Ещенко, Юнус Мачжон, Артём Седельников) күміс жүлдегер атанды.
Айта кетейік, Эль-Кувейт қаласындағы дода 2 наурызда аяқталады. Қазақстан құрамасы сапында барлығы 28 атлет осы Кубокке аттанған.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді