Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАстанаға Өзбекстан Республикасы Қарулы күштері академиясы бастығының орынбасары подполковник Собир Авлиеевтің басшылығымен делегация келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков шетелдік әріптестерді оқу орнының ғылыми-эксперименттік базасымен таныстырды.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери университеттің магистранттары, докторанттары мен оқытушыларына Өзбекстан Қарулы күштері академиясының әскери сарапшылары дәріс сабақтарын өткізді.
Тараптар ұлттық қауіпсіздік, стратегия және жедел әскери өнердің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Өзбекстан әскери қызметшілері одан басқа ҚР Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейіне барып, елорданың көрікті жерлерімен танысты, - делінген мәліметте.
Бұл шара Қазақстан мен Өзбекстан қорғаныс министрліктері арасындағы 2024 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер