20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек22-26 сәуір аралығында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні мен Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының 20 жылдығына орай «Кітапхана. Кітап. Оқырман» атты кітап апталығы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аптаның басы – «Құнды қазына» ашық есік күнінен бастау алады. Оқырмандар мен қонақтар үшін арнайы көрме қойылады. Осы күні сағат 11.00-ден бастап кітапхананың ұлттық электрондық кітапханасы базасын толықтыру мақсатында ақын-жазушылармен, ғалымдармен, зиялы қауым өкілдерімен яғни авторлармен келісім шартқа отыру рәсімі ұйымдастырылады.
23 сәуірде кітапхана ісін жаңашылдық пен жасампаздық негізді дамытуға арналған «Кітапхана саласының ашылмаған континенті» атты семинар, тренингтер ұйымдастырылады. Сол күні ақын-жазушы Ильяс Юсупжановтың «Қазақ хандары - Керей мен Жәнібек туралы» комикстердің тұсаукесері өтеді. Сонымен қатар,әдебиетші Ақерке Асан кітап оқудағы пайдалы әдеттер турасында лайфхактармен бөліссе, журналист, тележүргізуші Айнұр Омар «Менің өмірімдегі кітаптар» атты тренинг өткізеді. Ал жеке брендинг маман Айжан Киманова оқырмандарға «Мақсатқа қалай жетуге болады?» атты коуч-сессия ұсынады.
24 сәуір күні «Көмбедегі кітаптар» сирек қорлар таныстырылымы аясында «Электрондық мәліметтер базасы оқу үдерісін және ғылыми қызметті қолдаудың тиімді құралы ретінде IVIS деректер базасын пайдаланудың негізгі жұмыс принциптері талқыланады. «Хасен Оралтай қоры және ұлттық құндылықтар» атты практикалық сағат өтеді. Сонымен қатар жуырда АҚШ-тағы Гарвард университетінің Хоутон кітапханасына барып, біліктілігін арттырып келген кітапхананың ғылыми қызметкері Шыңғыс Бегімтай тәжірибесімен бөліссе, кітапхана маманы М.Төлепбай Қ. Сәтпаевтың 125 жылдығына орай «Ғалымның хаты өлмейді» атты дәріс өткізеді.
Кітап апталығының төртінші күні балаларға арналған интеллектуалды шаралар, кітап көрмесі, логикалық ойындар, сайыстар ұйымдастырылады.
27 сәуір күні Қазақстан және Индонезия ақындарының онлайн кездесуі өтеді деп жоспарлануда.
Биыл ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының құрылғанына – 20 жыл. 2004 жылдың 23 сәуіріндегі ҚР Үкіметінің № 461 Қаулысымен құрылған кітапхана халықаралық аренада жылдан жылға өз мәртебесі мен беделін биіктетіп отырған ірі ақпараттық-анықтамалық, ғылыми-өлкетанулық, мәдени-ағартушылық орталықтардың бірі.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?