Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӘлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Cветлана Айтбаева ұлтабар тағамының қадір-қасиеті туралы айтып, сүйінші жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Оян!» таңғы хабарына сұхбат берген әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Света Айтбаева тағамға қатысты пікір білдірді.
Ұлтабар - қазақтың өте әдемі тағамдарының бірі. Малдың қарынының бір бөлігі ғой. Бірақ, қазақ әрбір тағамға қатты мән берген, ал ұлтабарды ерекше бағалайды. Неге ұлтабарды таңдадық? Себебі, бұл әйел адамдарға жақындау. Атының өзі қандай иә? Біз ұлдың өзін шаңыраққа ие боп қалады деп бағалаймыз. Атұстар дүниеге келді деп жатамыз, - дейді әнші.
Светлана Айтбаева ұлтабар жеген келіні босанғанын да тілге тиек етті.
Бүгін де бір жақсы жаңалық, келініміз ұлды болып, атұстар дүниеге әкеліп, қазір перзентханаға барып, сол келінді шығарып аламыз. Ол да осындай ұлтабардың дәмін татқан жақсы келін. Лұқпан Жолдасовтың ұлы Болаттың бөпесі. Ұлтабарды сыйтабақтарға салады ғой, бірақ ет турап отырған адам оны аңғарып, ұлтабардың шеткі, шошайып тұрған бөлігін жас келінге ұсынады. "Ұл тапсын, ұлды болсын" деген мақсатта жегізеді, - деді Светлана Айтбаева.
Айта кетейік, ұлтабар — күйіс қайыратын малдың асқазанының төрт бөлігінің бірі. Қазақтардың салт-дәстүрінде кәделі асқа саналады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді