Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТүркістан облысы Келес ауданында 23 жастағы тұрғын үйінен шығып, қайтып оралмаған. Жас жігіттің үлкен сомада қарызы болған екен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицияға жігіттің әкесі хабарласқан. Айтуынша, ұлы кешкі сағат 21:30 шамасында үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Ата-анасы ұлдарын бір күн бойы өздері жан-жақты іздеп таппағаннан соң полицейлердің көмегіне жүгінген.
Хабарламаны алғаннан кейін іздеу жұмыстарына еріктілер мен полиция қызметкерлері жұмылдырылған.
Учаскелік полиция инспекторлары сол маңдағы барлық көшелер мен аулаларды мұқият қарап шығып, тұрғындардан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Екі күнге созылған жедел жүргізілген іздестіру жұмыстары нәтижесіндетұрғын көршісінің үйінен табылды делінген облыстық ПД мәліметінде.
23 жасар жігіттің жеке басында үлкен сомада қарызы болған. Ол жағдайды ата-анасына айтуға қорқып, үйінен кетіп қалған. Барар жері болмаған ол жалғыз өзі тұратын көршісінің бір бөлмесінде екі күн жасырынып жатқан.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер