20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ЖШС басшылығына үлескерлерден заңсыз ақша жинады деген күдікпен қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қылмыстық істі тергеу барысында ЖШС-нің лауазымды қызметкерлері 2021-2023 жылдар аралығында үлескерлердің ақшалай қаражатын тартуға рұқсаты болмай, пәтерлерді ерте кезеңде броньдау арқылы азаматтарды үлестік құрылысқа белсенді тартқаны анықталды.
Халықтың сенімін асыра пайдаланып, оларды алдау арқылы 606,5 млн теңге сомасында ақша қаражатын иемденді.
Қазіргі уақытта тараптардың қосымша келісімдер жасасу арқылы пәтерлерді алдын ала брондау шарттары тоқтатылды, құрылыс жұмыстары жүзеге асырылмайды. Сот шешімімен ЖШС-нің құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға лицензияның қолданылуы тоқтатылды.
ЖШС жетекшісіне соттың санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?