2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5512 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қала қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Сағадат Нұрмағамбетов көшесінде жанып жатқан Volkswagen Golf маркалы автокөлікті байқады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әскери жасақтың бастығы қатардағы жауынгер Ернұр Аманқұл оқиға туралы дереу әскери жасақтар бойынша кезекшіге хабарлап, 101 шұғыл қызметін шақырды. Ол көлікті қауіпсіз жерге сүйреп апарып, өрт сөндіргіштің көмегімен өртті жойды. Өрт құтқарушылар келгенге дейін сөндірілді.
Жүргізуші абдырап қалған сияқты. Ол жалынға оранған көліктің алдында не істерін білмей тұрды. Мен өрт сөндіргішті жүк салғыштан шығарып, жалынды тоқтатуды бастадым. Содан кейін мен аккумуляторды шешіп алдым. Біз өтіп бара жатқан адамдардың ешқайсысы зардап шекпеуі үшін өрт аумағын қоршадық, — деді әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Ернұр Аманқұл.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін ұландықтар жалынмен сәтті күресті. Зардап шеккендер жоқ. Әскери қызметшілердің жедел әрекеттерінің арқасында сын-қатерлердің алдын алуға мүмкіндік туды.
Жүргізуші ұландықтарға жедел көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова