13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚазір ұл балаға ат қоюда ата-аналар бір жағынан мағынасы терең, екінші жағынан көп кездесе бермейтін есімдерді іздейді. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылы Қазақстанда 335 мың сәби дүниеге келген, оның 51,5% пайызы – ұл балалар.
Сол жылы ер балалар арасында ең көп қойылған есімдердің көшін Мұхаммед бастады. Одан кейін Айсұлтан, Алихан, Мұхаммад, Омар, Алдияр, Әмір, Алан, Әли, Хамза есімдері тұр. Биыл Алан есімі танымал екен. Бір қызығы, Алихан есімі 2014 жылдан бері он жыл бойы бірінші орында тұрды. Статистикаға үңілсек, 2006-2013 жылдар аралығында ұлына Ерасыл деп ат қойғандар көп болған. 2002-2005 жылдары Диас есімі танымал болса, 1988-2000 жылдары Азамат есімі көш бастап тұр.
Осы орайда ұлына сирек кездесетін, мағыналы ат қойғысы келетіндерге мынадай есім ұсынамыз:
АБАТ – парсы және араб тілдерінен енген, «гүлденген», «жайқалған», «бай, берекелі» және «құтты» деген мағыналарды білдіреді.
АЛТАЙ – бұл есімнің мағынасы «алтын тау» дегенді білдіреді. Баланың бойында жақсы қасиеттер көрініп, тау секілді еңселі, қайсар, берік те өмірі мәнді болсын деген тілекпен қояды.
АҚНАЗАР – құдіреттің назары, ілтипаты» немесе «әділ, ақ көңіл, таза ниетті адам» деген мағынаны білдіреді.
АБАДАН – Бұл сөз тікелей күшті, қайратты, ержүрек және көшбасшы деген ұғымды білдіреді.
АҚТАН – есімі ертеде таң атып келе жатқан мезгілде туған ұл балаға қойылған. «Ақ» (тазалық, адалдық, пәктік) және «таң» (таң шапағы, жаңа күннің басталуы) сөздерінің бірігуінен жасалған. Таң атқан сәттегі жарық, таза уақытты және жаңа өмірдің басталуын білдіреді.
АЙӘДІЛ – қазақ және араб тілдерінің бірігуінен шыққан, ай сияқты таза, ақ, кіршіксіз адал болсын деген мағына береді.
АЙБЫН – «айбарлы», «айбатты», «құдіретті», «күшті», «ерлік» пен «батырлық» деген мағыналарды білдіреді.
АЛМАТ – түркі тілінен шыққан және «батыл, мықты» деген мағынаны береді.
АЛАШ – ел, жұрт, қауым деген мағынаны білдіреді.
АРШЫН – турашыл, әділ, адал және бойы биік, тұлғалы болсын деген тілекті білдіреді. Кейбір деректерде оның түбіріндегі «ар» сөзі тазалық пен ар-ұят ұғымымен де байланыстырылады.
АРДА – парсы тілінен аударғанда «ардақты, ерекше, кемел» деген мағына береді.
АЛИЯР – араб және парсы тілдерінен шыққан, «Әлидің досы» немесе «Әли қолдаушы, көмекші» деген мағынаны білдіреді.
АРХАТ – ата-анасының мақтанышы деген мағынаны білдіреді.
АРШАТ – адал, таза, батыл, сенімді, қайырымды деген мағынада.
АЯТ – араб тілінен шыққан, «белгі», «ишарат», «құдіретті белгі» және «Құран сүрелерінің бөлігі, аяты» деген мағыналарды білдіреді.
АРНАМЫС – арлы, намысты, текті ұл деген мағына береді.
АРОН – есімі көне еврей тілінен шыққан және «асқақ», «биік», «тау», «жарық тауы» немесе «ағартушы, ұстаз» деген мағыналарды білдіреді.
АҚАН – иран тілінен аударғанда «темір» деген мағына білдіреді.
АЙБАТ – «айбар», «қаһар», «айбын», «абырой», «бедел» және «күш-қуат» деген мағыналарды білдіреді. Сәбиге батыл әрі батыр, айбынды болсын деген мақсатпен қойылады.
АСЫЛТӨРЕ – «текті, қадірлі, асыл әрі әділ басшы», «беделді, төрдің адамы» немесе «құнды, ардақты тұлға» деген мағынаны білдіреді.
АЗАТ – «ерікті», «еркін», «тәуелсіз» және «бостандық» деген мағыналарды білдіреді.
АҚАРЫС – «ақ» (таза, адал, жарқын) және «арыс» (айбатты, мықты, тірек, арыстандай) сөздерінен бірігіп жасалған, адал да қайсар, айбатты болсын деген мағынаны білдіретін қазақ есімі
АҚБЕРЕН – қазақ халқында «таза, адал, мықты әрі батыл» немесе «ақ жолмен берілген сый/тарту» деген терең мағынаны білдіреді.
АЙБАТЫР – «айбат» және «батыр» сөздерінің бірігуінен жасалған, айбатты, қайратты, ерекше батыл әрі қорқынышсыз болсын деген тілекпен қойылатын қазақша ер балалардың есімі.
АТАЙ – «атақты, беделді». Көне түркі тілінен аударғанда «атақ», «даңқ» деген ұғымды білдіреді. Баланың болашақта елге танымал, сыйлы азамат болуын тілеп қойылған.
АЙДЫН – «айбат», «айбын», «қаһар», «күш-қуат», сондай-ақ «айқын», «анық», «ашық», «жарық» және судың не көлдің «жарқыраған кең беті» деген мағыналарды білдіреді
АРНАТ – «арнау», «сыйлау» дегенді білдіреді.
АСЫЛЖАН – «асыл» және «жан» сөздерінің бірігуінен жасалған, бағалы да қадірлі жан деген мағынаны білдіретін есім.
АҚЫЛ – бұл есім баланың бойынан жақсы қасиеттер табылсын, саналы әрі парасатты болсын деген тілекпен қойылады.
АҚЫЛБЕК – «ақылды, данышпан, сергек әрі тапқыр болсын» деген тілекпен қойылатын есім.
АЙТУАР – ай туып келеді» немесе «ай сияқты жарық, нұрлы болсын» деген мағынаны білдіреді. Халқымыз жаңа туған айды жақсылыққа, жарыққа, көркемдікке балаған.
АЙБАР – айбат, айбын, қаһар, батылдық деген мағыналарды білдіреді.
АЙЖІГІТ – айдай сұлу, нұрлы әрі сымбатты, мәрт те батыл жігіт болсын деген ниетті білдіреді.
АҚСҰҢҚАР – «аппақ сұңқар», яғни сұңқар құсының асыл, текті, таза әрі қымбат түріне теңестіріліп қойылатын есім.
АДАЛ – таза, шыншыл, әділ, ақкөңіл деген мағына береді.
АҚЖҮРЕК – «ақ» және «жүрек» деген екі қазақ сөзінен құралған, ол адал, таза ниетті, ақкөңіл, қулық-сұмдығы жоқ, мейірімді деген мағынаны білдіреді.
АЙБОЗ – айдай анық, елге сыйлы, өр тұлғалы азамат болсын деген ниетпен қояды.
АҚСҰЛТАН – адал, хақ билеуші, мәртебелі сұлтан деген мағынаны білдіреді.
АРЫН – «қарқын», «екпін», «жігер» деген мағыналарды білдіретін есім.
АМАНАТ – «нышан», «белгі», «әділ» және «шыншыл» деген ұғымды білдіреді.
АЙБАРЫС – «айбарлы» (күшті, қуатты, батыл) және «барыс» (қаһарлы, ержүрек аң) сөздерінің бірігіп, «айбарлы барыс», «батыл да айбатты, қарымды ер» деген мағынаны білдіреді.
АТИЛЛА – адал дос, сенімді серік, ел-жұрт және түрік тілінде «әке» (ata) мен «салт атты» немесе өзен атауынан шыққан деп түсіндіріледі.
АРАФАТ – араб тілінен аударғанда «тану», «білу», «қауышу» немесе «табысу» деген мағыны білдіреді.
АЛМАС – аса бағалы, берік минералды білдіретін бұл есімді ұл балаға «өжет», «қайсар», «берік мінезді» болсын деп ырымдап қояды.
АЛТАН – көне түркі және моңғол тілдерінде «шапақ», «таң шапағы», «рауан» немесе «алқызыл шапақ» деген мағынаны білдіреді.
АЛАЙ – «отряд», «бөлім», «рота», «батальон» немесе «полк» деген мағынаны білдіреді. Ұлым жауынгер болсын деп ырымдап қояды.
АХМЕДИЯР – «мақтауға лайық ер» немесе «мадақталған серік/дос» деген мағына береді.
***
ӘУЕЗ – «дауыс», «дыбыс», «үн» немесе «құлаққа жағымды әуен, ырғақ»
ӘЛИЖАН – «биік», «жоғары» және «жан», «өмір» мағыналарын бірігіп, «абыройлы, жоғары рухты адам» дегенді ұқтырады.
ӘЗИЗ – есімі араб тілінен шыққан, қазақ тіліне аударғанда «құрметті», «ардақты», «мықты» және «құдіретті» деген мағыналарды білдіреді.
ӘЛІБИ – «жоғары мәртебелі би», немесе «беделді көшбасшы» деген мағына береді.
ӘЛИАЙДАР – арыстан, яғни арыстандай күшті, қайратты деген мағына береді.
ӘЛЕМ – «әлем» сөзі араб тілінен шыққан, онда «әлем» – «дүние», «әлем», «ғалам» деген мағыналарды білдіреді.
ӘЛКЕЙ – күшті, дана деген мағына береді.
ӘЛІМХАН – «білімді басшы», «ғалым әмірші» немесе «ел басқарушысы» деген мағынаны білдіреді.
ӘЛЖАН – «ел, халық» және «жан» сөздерінен құралған, яғни «елдің жаны» дегенді білдіреді.
ӘЛИ-ШАХ – «ұлы, жоғары мәртебелі патша» немесе «биік дәрежелі басқарушы» деген мағынаны білдіреді.
***
БАЙМЕН – «бай адам», «дәулетті кісі» деген мағынаны білдіреді.
БАҒЖАН – «бағалы жан», «қымбатты жан» деген мағынаны білдіреді.
БАЙСАЛ – қазақ тілінде сабырлылық, тыныштық, табандылық және байыптылық деген мағыны білдіреді.
БАТЫРХАН – есімі түркі тіліндегі «батыр» («ержүрек», «қайсар») және «хан» («билеуші», «патша») сөздерінен құралған. Мағынасы — «ержүрек билеуші», «қайсар хан».
БЕКСҰЛТАН – «бек» (билеуші, қорғаушы, мықты) және «сұлтан» (әкім, патша, ел басшысы) сөздерінен біріккен, «найзағайдай мықты билеуші» немесе «абыройлы әкім» деген мағынаны білдіретін қазақ халқының дәстүрлі есімі.
БЕКЖАН – «мықты», «берік», «қайратты адам» деген мағынаны білдіреді.
БЕК – түркі тілінен шыққан, негізгі мағынасы – «билеуші», «қорғаушы», «мықты» немесе «беделді» дегенді білдіреді.
БЕКТАС – «күшті, қуатты, берік, беделді, тастай мықты» деген мағынаны білдіреді.
БАЙБОЛ – бала дәулетті, ауқатты және бай болсын деген жақсы тілекпен қойылатын есім.
БІЛГЕ – «дана», «ақылды», «білікті» және «сұңғыла білгір» деген мағыналарды білдіреді.
БЕКНАЗАР – «билеуші», «қорғаушы», «күшті» дегенді білдіреді.
БИБОЛ – баланың ел арасында беделді, әділ би, шешен немесе бекем, айбынды азамат болсын деген тілек мағынасын білдіреді.
БЕРНАР – «бер» және «нар» (күшті, мықты) сөздерінен құралып, бала күшті, мықты болсын деген тілекпен қойылады.
***
ҒАЛАМ – «әлем», «дүние», «барша болмыс» немесе «шексіз кеңістік, ғарыш» деген мағынаны білдіреді.
ҒАБИДЕН – араб тілінен аударғанда «Құдайдың құлы», «қызмет етуші» немесе «дінге берілген» деген мағыны білдіреді.
ҒАЗИЗ – күшті, қуатты, сирек, бағалы, сүйкімді, қадірлі деген мағына береді.
ҒАСЫР – бұл атау «дәуір», «заман» немесе «ұзақ ғұмыр» ұғымдарымен үндеседі.
ҒИНАЯТ – есімі араб тілінен шыққан, «қамқорлық», «мейірім», «жақсылық жасау», «көмек» және «жомарттық» деген мағыналарды білдіреді.
ҒИБРАТ – «тәлім-тәрбие», «үлгі-өнеге», «ақыл-кеңес» немесе «өмірден түйген қорытынды, сабақ» деген мағынаны білдіреді. Араб тілінен енген бұл сөз баланың саналы, өнегелі, ақылды әрі саналы азамат болып өсуін меңзейді.
ҒҰСМАН – көреген, зерек, ақылды деген мағына береді. Оспан есімімен мағыналас, кей араб деректерінде «тауыс құсы» деп көрсетілген.
***
ДАРЫН – есімі қазақ тілінен шыққан, «талант», «қабілет», «бейімділік» немесе «жоғары қасиет» деген мағынаны білдіреді.
ДӘРМЕН – «күш-қуат», «қайрат», «шама» немесе «өмірлік күш» деген мағынаны білдіреді.
ДИЯР – аймақ, отан немесе мекен мағынасын береді. Бұл есімді иеленген адам туған жеріне адал, елжанды және қамқор болады деп ырымдалады.
ДӘУІР – араб тілінен алынған дәуір «мезгіл, мерзім, заман» деген мағынада. Өз заманының, дәуірінің ақылды азаматы болсын деп қойылған есім.
ДЕМЕУ – қолдау, сүйеу, көмек көрсету немесе тірек деген мағынаны білдіреді.
***
ЕЛІМ – елін сүйген ер болсын, ұлтының сөзін сөйлер жігіт болсын деп ырымдап қояды.
ЕЛСҮЙЕР – «ел сүйетін, Отанын, халқын қадірлейтін патриот» деген мағынаны білдіреді.
ЕЛСҰҢҚАР – «елдің сұңқары, ел мақтанышы, халық қорғаны» деген мағынаны білдіреді.
ЕЛНҰР – «елдің нұры» немесе «елге нұр, жарық әкелуші» деген мағынаны білдіреді.
ЕЛЖАН – «елдің, халықтың жаны» немесе «халқын сүйетін, елі үшін туған мақтанышы» деген мағынаны білдіретін есім.
ЕЛДАР – «ел иесі», «жердің қожасы», «халықтың басшысы» дегенді білдіреді.
ЕЛАРЫС – білікті, қадірменді, абзал деген мағынаны білдіреді.
ЕЛНАР – «елдің сүйікті ер азаматы болсын» деген мағынаны білдіретін, ел мен нар (түйе секілді төзімді, күшті, қайратты) сөздерінен құралған қазақы есім.
ЕЛХАН – «ел» (ел, халық, жұрт) және «хан» (хан, қаған, билеуші) сөздерінен құралған,«ел мен жұрттың ханы, халықтың басшысы» деген мағынаны білдіреді.
ЕРМҰХАН – «мақтауға лайық ер азамат», «батыл әрі құрметті адам» немесе «ержүрек хан, билеуші» дегенді білдіреді.
ЕРАЛЫ – «аса батыл», «асқан жүректі батыр» немесе «ерлікке ие адам» деген мағынаны білдіреді.
ЕРДЕН – «батыр», «ер» және моңғол тіліндегі «қымбат зат», «асыл қазына» (эрдэнэ) деген мағыны білдіреді.
ЕРХАН – «батыр», «ер жүрек» және «хан», «әмірші» сөздерінің бірігуінен пайда болған. Ержүрек, қаһарман, батыр деген мағына береді.
ЕРТҰРАН – «Тұранның батыры» немесе «ержүрек Тұран ұлы» деген мағынаны білдіреді.
ЕРЕН – асқан, ерекше, айрықша деген мағыналарды білдіретін қазақ тіліндегі ұл балалардың есімі.
ЕРСҰЛТАН – «батыл көшбасшы», «ержүрек мырза» немесе «қайсар билеуші» деген мағынаны білдіреді.
ЕРНҰР – қазақ және иран тілдерінен бірігіп жасалған, «батырдың нұры» немесе «көркем, сәулелі ер» деген мағынаны білдіретін есім.
ЕРЖІГІТ – ержүрек, батыл жігіт, нағыз азамат деген мағынаны білдіреді.
ЕРНИЯЗ – қазақ тілінен алынған «ер» (батыр, ержүрек, қаһарман) және иран тілінен енген «нияз» (сый, тарту, тілек, үміт) сөздерінен біріккен, «батырдың сыйы», «ердің тартуы» немесе «қаһарманның сыйлығы» дегенді білдіреді.
ЕРҰЛАН – «ержүрек», «батыл», «батыр», «жеңімпаз» және «қорғаушы» деген мағыналарды білдіреді.
ЕРҚАСЫМ – «Ер» – «ержүрек, батыл, қайратты адам» және «Қасым» – «бөлуші, әділ үлестіретін» сөздерінен құралған. «Әділ де батыр азамат», «көркем мінезді ер» немесе «елге жақсылықты үлестіруші мәрт азамат» деген ұғымды береді.
ЕРКІН – «өз ықтияры өзінде», «азат», «басы бос» және «ерікті» деген мағынаны білдіреді.
ЕЛАМАН – ел-жұрт жаудан аман, сау болсын деген тілекпен қойылған.
ЕРҚАНАТ – «ер» және «қанат» сөздерінің қосындысынан құралған, батыл да рухты білдіретін қазақша есім.
ЕДІЛ – Ұлы өзен атауы, кеңдік, молшылық пен беріктік ұғымын білдіреді. Қазақ дәстүрінде баланың өмірі өзендей мол, өрісті әрі мәнді болсын деген ізгі тілекпен қойылады.
ЕДІГЕ – көне түркі тілінен келген аударғанда жақсы, игі деген мағына береді.
ЕСКЕНДІР – гректің «Александр» есімінің арабша-парсыша өзгерген дыбыстық түрі, мағынасы «қорғаушы», «еркек» немесе «батылдарды жеңуші».
ЕСЕЙ – «өсу», «ер жету», «үлкен болу» немесе «есею» деген мағынаны білдіреді.
***
ЖАРҚЫН – қазақ тілінен шыққан, жарық, ашық, айқын, нұрлы және жарқыраған деген мағыналарды білдіретін әдемі есім.
ЖАНАРЫС – бұл есім «жан» және «арыс» түбірінен бірігіп, ел тірегі, алып деген мағына білдіреді.
ЖАЛАҢТӨС – есімі қазақ тілінде «батыр», «ештеңеден тайынбайтын», «білекті сыбанып кірісетін» деген мағыналарды білдіреді.
ЖӘДІГЕР – мұра, көзіміздің қарашығы деген мағына береді.
***
ЗАҢҒАР – «биік», «үлкен», «алып» және «зәулім» деген мағыналарды білдіреді.
ЗЕЙНЕЛ – «зейн» және «әли» түбірі бірігіп, «биік мәртебелі сұлулық», «асқақ көркемдік» немесе «парасатты, көркем мінезді» деген мағыналарды береді.
ЗЕЙІН – араб тіліндегі «зейн» сөзі «сән», «көркемдік» немесе «ішкі сұлулық» ұғымын білдіреді.
***
КЕНЕН – «жеткілікті, мол; мырза, кең пейіл» деген мағыналарды білдіреді.
КЕМЕЛ – «толық, жетілген, кемеліне келген, ақылды және білімді» деген мағынаны білдіретін есім.
КҮЛТЕГІН – көне түркі тілінен аударғанда «күл» (көл, мөлдір, әдемі, асқақ) және «тегін» (ханзада, ханның ұлы) деген мағыналарды білдіреді.
***
ҚАҺАРМАН – «ер, батыр, күшті, қуатты, алып» деген мағынаны білдіретін есім.
***
МАҒАУИЯ – «сау-саламат», «аман-есен» немесе «құтылған» деген мағыны білдіреді.
МАРДАН – «батыл», «ержүрек», «еркек» немесе «ер» деген мағынаны білдіреді.
МАНАР – араб тілінен енген, «жарық шығатын жер», «белгі», «маяк» немесе «шамшырақ» деген мағыналарды білдіреді.
МӘДИ – бұл есімнің мағынасы «мадақталған», «мақтаулы» немесе «құрметті» дегенді білдіреді.
МӘУЛЕН – араб тілінен шыққан, «мырза», «әкім», «көсем», сондай-ақ «жарылқағыш», «есіркегіш» деген мағыналарды білдіреді.
МИРАС – араб тілінен шыққан, ол қазақ тілінде «мұра», «мұрагер» немесе «артта қалған тұяқ, жалғас» деген мағынаны білдіреді.
МҰНАР – даланы жапқан жеңіл сағым, тұман. Баланың бойынан жақсы қасиеттер көрініп, өмірі мәнді болсын деген ізгі ниет байқалады.
МҰРАГЕР – «әкенің ізін жалғаушы», «ізбасар» немесе «мұра алушы» деген мағынаны білдіреді.
МЫРЗА – жомарт, қолы ашық, кеңпейіл, сондай-ақ ақсүйек, беделді, сыйлы адам
***
НАЗАР – араб тілінен шыққан, «қарау», «көзқарас», «көз салу», «ықылас» және «ілтипат» деген мағыналарды білдіреді.
НАМЫС – «абырой», «ар-ұят», «қадір-қасиет» және «мақтаныш» деген мағынаны білдіреді.
НАРКЕСКЕН – балаға бұл есім өржүректі, өткір тілді, батыл, қайсар, ержүрек және берік болсын деген тілекпен қойылады.
НАРҰЛ – «мықты ұл», «қайсар бала» деген мағынаны білдіреді.
НАРИМАН – парсы (иран) тілінен шыққан, «ержүрек», «батыл», «қайратты», «күшті рухты» немесе «палуан» деген мағыналарды білдіреді.
НӘБИ – араб тілінен енген сөз, мағынасы «пайғамбар» немесе «Алланың хабарын жеткізуші» дегенді білдіреді.
НҰҒМАН – «амандық», «есендік», «жақсылық», сондай-ақ «бақытты», «берекелі», «игілікті» және «кішіпейіл» деген мағыналарды білдіреді.
НҰРӘЛИ – араб тілінен шыққан, «нұр» және «әли» сөздерінен құралған «жарықтың ұлы», «нұрлы», немесе «биік нұр» деген мағынаны білдіретін есім.
НҰРЛЫХАН – «нұрлы» және «хан» сөздерінің бірігуінен жасалған, «нұрға бөленген билеуші» немесе «жарық, сәуле шашқан басшы» деген мағынаны білдіреді.
НҰРТАС – «нұры тасысын», сәулесі мен шапағаты айналасына шуақ шашсын немесе «нұрлы, берік, қаяратты» деген тілекті білдіреді.
НҰРТӨРЕ – әділ, беделді, нұрға бөленген басшы немесе әділ төреші деген мағынаны білдіреді.
НҰРПЕРЗЕНТ – «нұрға бөленген бала», «жарық сәулелі ұрпақ» немесе «ата-ананың көзін нұрландырушы перзент» деген мағынаны білдіреді.
НҰРЫМ – «менің сәулем, жарығым, нұрлым» деген мағыналарды білдіреді.
НҰРҒИСА – араб тілінен шыққан, «нұр» және «ғиса» (Иса пайғамбар) сөздерінің бірігуінен жасалып, «келбетті, сұлу, көркем тұлғалы Иса (Ғайса)» деген мағынаны білдіреді.
НЫҒМЕТ – араб тілінен аударғанда береке, дәулет, байлық, бақыт деген мағыны білдіреді.
***
ОСПАН – есімінің мағынасы - ерлік, батырлық, батылдық. Халқымыз бұл есімді бала әділ, берік, көшбасшы әрі батыр болсын деген ізгі ниетпен қойған.
ОСМАН – көреген, зерек, ақылды деген мағына береді. Оспан есімімен мағыналас, кей араб деректерінде «тауыс құсы» деп көрсетілген.
***
ӨЖЕТ – бұл атау баланың қайсар, қиындықтардан қаймықпайтын, қорқынышқа берілмейтін және ең ауыр сәттерде де рухын түсірмейтін мықты мінез иесі болуын меңзеп қойылады.
ӨРКЕН – «өсу», «өркендеу», «даму», «ұрпақ» және «әулет» деген мағыналарды білдіретін қазақша әдемі есім.
***
РАМИР – мағынасы «әлемге қуаныш сыйлаушы», «бейбітшілікке құштар» немесе «жарық әлем» дегенді білдіреді.
РАУАН – араб тілінде «жарық», «нұр», «шағылыс» деген ұғымдарды білдіреді. Ал қазақша мағынасы – таңның жаңадан бозарып келе жатқан сәті.
***
СӘРУӘР – көшбасшы, көсем, ел бастар азамат деген мағына береді.
САФУАН – араб тілінен шыққан, «тазалық», «пәктік» және «қатты гранит тас» деген мағыналарды білдіреді.
САҒАДАТ – араб және парсы тілдерінен енген, «бақыт», «құт», «сая», «қуаныш» немесе «әл-ауқат» деген мағыны білдіреді.
СҰҢҒАТ – «өнер», «шеберлік», «шеберхана» немесе «кәсіп» деген мағыны білдіреді.
САЛАУАТ – араб тілінен аударғанда «тану», «білу», «қауышу» немесе «табысу» деген мағыны білдіреді.
САРДАР – парсы-тәжік тілінен шыққан, мағынасы – «басшы, жетекші, қолбасшы, әмірші».
САНЖАР – бір өзі он мың қолға тең ер, батыр», «бұзып өтуші» немесе парсы тілінен аударғанда «ержүрек билеуші», «мықты қолбасшы» деген мағыналарды білдіреді.
САҒИНҰР – «сағыныш нұры» немесе «аңсап күткен сәуле / жарық» деген мағынаны білдіреді.
СҰЛТАНТӨРЕ – «билеуші сұлтан», «әкім әрі төре», «әділ билік иесі» деген мағына береді.
***
ТАУМАН – «тау» сөзінен шыққан, яғни «таудай зор», «асқар», «шың» деген мағыны білдіреді.
ТАЛАНТ – адам бойындағы ерекше қабілет, дарын, тума қасиет деген мағынаны білдіреді
ТАУАСАР – «таудан асатын», «өмірдің ең биік шыңдары мен қиын асуларын бағындырып, еңсесі түспейтін, қиындықты жеңіп шығатын» деген рухты, қайсар мағынаны білдіреді.
ТАРЛАН – қазақ ұғымында бұл есім тектіліктің, еркіндіктің, қуат пен сенімділіктің белгісі.
ТАЙМАС – өмірде алған өз бағытынан, алға қойған мақсатынан қайтпас, табанды бала деген мағынаны білдіреді.
ТОЛАҒАЙ – дәу, алып, тау тұлғалы, қара күші мол болсын деген мағына береді.
ТОНЫКӨК – Тоныкөк этимологиясының алғашқы түбірі көне түрктердегі «тoᶇa» – тұңғыш, ержүрек, ал екінші жалғауы «uquq» – (ақыл, ұқ) сөздері арқылы «тұңғыш ақылгөй», «бас данышпан», «алып білге» деген сөзден құралған болуы мүмкін.
ТӨРЕ – есімінің мағынасы оның «төр» сөзінен бастау алады. Төр сөзі қазақ тілінде «жоғары орын», «билік ететін орын» деген мағына береді.
ТӨРЕЖАН – «әділ төреші», «биік мәртебелі басшы» және «жан, өмір» деген мағыналарды білдіреді.
ТӨРЕНҰР – «төре» және «нұр» сөздерінің бірігуінен жасалған, билік пен рухани жарықты білдіретін есім.
ТӨРЕХАН – «ақсүйек билеуші», «құрметті хан» немесе «асыл текті көсем» деген мағынаны білдіретін.
***
ҰЛАС – «жалғасу», «ұласу», «жалғас» немесе «селбес» деген мағыналарды білдіретін түркі тілінен шыққан қазақша ер адамның есімі.
ҰЛАН – «жас жауынгер», «жас батыр» немесе «ұл бала» дегенді білдіреді.
***
ХАНТАЙ – «кішкентай хан», «хан тектес бала» немесе «болашақ беделді билеуші, жүйрік те ширақ азамат» дегенді білдіреді.
ХАНМЫРЗА – «хан сияқты ұлық әрі беделді, мырза сияқты жомарт әрі текті азамат» немесе «бекзат, мәрт, ел ағасы» деген ұғымды білдіреді.
ХАЛЕЛ – «сүйікті дос», «адал жолдас» немесе «жақын дос» деген мағынаны білдіреді.
***
ШАЛҚАР – «кең-байтақ», «шексіз», «үлкен», «зор», сондай-ақ «мейірімді», «жомарт», «кеңпейіл» деген мағыналарды білдіреді.
ШАДИЯР – араб, парсы тілдерінен енген, «серік», «жақын дос», «көмекші» немесе діни танымдағы ізгі тұлғалар мағынасын білдіретін есім.
ШАХДИЯР – «Шах» (патша, әмірші, басшы) және «дияр» (ел, мекен, аймақ, отан) түбірі бірігіп, «елдің патшасы», «мекеннің әміршісі» деген мағына береді.
ШАХРИЯР – «елдің билеушісі», «өлкенің иесі», «ұлы патша». Бұл есім «құрметті, дана әрі абыройлы басшы болсын» деген игі тілекке негізделеді.
ШАҺМАРДАН – «ержүрек, батыл», «батырлардың патшасы» немесе «ержүрек билеуші» дегенді білдіреді.
ШАХНАЗАР – «патшаның назары», «патшаның қарауы» немесе «патшаға лайықты» деген мағынаны білдіреді.
ШАХНҰР – «патшалық жарық» немесе «билеушінің нұры» деген мағынаны білдіреді.
ШАХКЕРІМ – парсы және араб тілдерінен бірігіп жасалған, «ханның жомарттығы» немесе «патшаның мейірімі» деген мағынаны білдіреді.
ШЫРАҚ – «нұр», «жарық», «сәуле» деген мағыналарды білдіретін қасиетті әрі мағыналы есім.
ШЕРХАН – «арыстандай айбатты, мықты, батыр, ержүрек» деген мағынаны білдіретін парсы және түркі тілдерінен енген есім.
ШЕРНИЯЗ – «арыстанның тілегі», «арыстанның сыйы немесе жалынышы» деген мағынаны білдіреді.
ШЫҢҒЫСХАН – «бек мықты», «ұлық», «зор», «күшті» немесе «теңіз» (шексіз, ұлы) деген мағыналарды білдіреді.
***
ІЗБАСАР – әкесінің мұрагері, жолын жалғастырушы ізбасары болсын деген мақсатпен және ырымдап қойылатын қазақша ер балалардың есімі.
ИСА – «Құдай құтқарады», «Құдайдың құтқаруы» немесе «құдай сыйы» деген мағынаны білдіреді.
ІЗЕТ – «сыпайы, биязы, кішіпейіл, құрмет, сый және абырой» деген мағыналарды білдіреді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды