Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҰлттық экономика министрі Мәжіліс кулуарларында Қазақстанда "бай адам" ұғымының енгізілуі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бай адамға қатысты түсінік әртүрлі ғой. Ыбырай Алтынсарин қазақтардың байлығы еңбек пен қанағат деген болатын. Байлықты ақшамен өлшеу қиын, - деді Әлібек Қуантыров.
Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жаңа Салық кодексіне «бай адам» ұғымы енгізілуі мүмкін екенін жоққа шығармаған еді. Тілшілер Әлібек Қуантыровтан осы туралы сұрады.
Біз бай адамдар туралы емес, сән-салтанат салығы туралы айтып отырмыз. Оның атауы басқаша болатын шығар. Бұл қымбат тауарларға салынатын салықты білдіреді, халыққа түсінікті болуы үшін сән-салтанат салығы деп жүрміз. Бұл – қымбат көліктерге, авиапаркке, яхталарға, қымбат жүн бұйымдарына, зергерлік бұйымдарға, антиквариатқа салынатын салық, -дейді министр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді