28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте тау-кен металлургия компаниялары қызметінің және саланы дамытудың бірқатар өзекті мәселесі қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Үкімет үйінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеңеске қатысушылар жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу, перспективалы кен орындарын игеру және шикізат пен отынды тасымалдау үшін теміржол инфрақұрылымын дамыту жоспарларын талқылады.
Сонымен қатар теміржол тасымалына тариф белгілеу, өнім экспортын ұлғайту, өнеркәсіп нысандарын газбен қамтамасыз ету және басқа да бірқатар мәселе қозғалды.
Кеңеске «Қазақстан темір жолы» және QazaqGaz ұлттық компанияларының, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Премьер-Министр уәкілетті ведомстволарға бизнес өкілдері көтеретін түйткілді мәселелер бойынша шараларды пысықтауды жеделдетуді және келесі кеңесте нақты ұсыныстар беруді тапсырды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?