Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікПремьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте газ-химия өнеркәсібін дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Атап айтқанда, полиэтилен өндірісі бойынша интеграцияланған газ-химия кешенін салу жобасы талқыланды. Бұл мәселе бойынша соңғы инвестициялық шешім 2024 жылы қабылдануға тиіс.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтың айтуынша, жобаны табысты іске асыру үшін «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА жұмыс істеу мерзімін ұзарту және жетіспей тұрған сыртқы инфрақұрылымды салу керек.
Талқылау қорытындысы бойынша премьер-министр уәкілетті органдарға көтерілген мәселелерді шешу жолдарын пысықтауды тапсырды.
Сонымен қатар Үкімет басшысы Қазақстан заңнамасы аясында шетелдік лицензияланған технологияларды пайдаланатын ірі мұнай-газ химия нысандарын жобалау және салу кезінде халықаралық стандарттарды қолдану мүмкіндігін қарастыру қажеттігі туралы айтты.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер