Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында моноқалаларды дамыту жөніндегі жоспарлар қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қазіргі уақытта республикада 27 моноқала бар екенін баяндады. 1,4 млн адам тұратын қалаларда 32 қала құраушы кәсіпорын жұмыс істейді. 2015 жылдан 2021 жылға дейін аталған елді мекендерде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,3-тен 11,2 трлн теңгеге дейін өсті, бұл ел бойынша жалпы көрсеткіштің 29%-ы.
Бүгінгі таңда 2,1 трлн теңгеге 86 «зәкірлі» жобаның пулы қалыптастырылды. Бұл жобалар моноқалаларда тау-кен металлургия және химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, машина жасау және т. б. салаларда 18 мыңнан астам жұмыс орнын ашты.
Жалпы оларды одан әрі дамыту үшін тұрғын үй қоры мен инженерлік инфрақұрылым объектілеріне күрделі жөндеу жүргізуге бюджеттен бөлінетін қаражаттың жыл сайынғы лимитін ұлғайту, елді мекендердің әлеуметтік маңызы бар проблемаларын шешу бойынша мастер-жоспарлар әзірлеу, сондай-ақ жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты жандандыру ұсынылады.
Бұл тәсілдер қолдау тапты. Осы орайда Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы бекіткен даму бағдарламаларын орындау кезінде ведомствоаралық үйлестіруді күшейту, сондай-ақ өңірлік экономиканы әртараптандыру және азаматтарды жұмыспен қамту үшін келешегі бар «зәкірлі» жобалардың тізбесін өзектендіру қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар отырыста теміржол машинасын жасау және агроөнеркәсіп кешені салаларындағы өзекті мәселелер қаралды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?