20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҮкімет отырысы жаңа министрлердің ант беру рәсімінен басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет басшысы Олжес Бектенов: «Өздеріңіз білетіндей, Үкіметте төрт жаңа министр тағайындалды. ҚР Үкіметі туралы Конституциялық заңға сәйкес, Үкімет құрамына алғаш кірген министрлердің ант қабылдау рәсімін бастайық», - деді.
Ант берген министрлер қатарында премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, қаржы министрі Мәди Такиев, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бар.
Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында, өз Отаным Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне өзімнің барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі және дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін көтере беруге ант етемін, – деді су жаңа министрлер.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?