Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚР премьер-министрі Олжас Бектенов Үкіметтің төтенше резервінен Қостанай облысында ауқымды су тасқыны салдарынан зақымдалған электр беру желілерін қалпына келтіруге 1,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жөндеу жұмыстары Арқалық қаласында, Амангелді және Жангелді аудандарында жүргізіледі, бұл жергілікті тұрғындарды тұрақты электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Биыл 27 наурызда өзендер мен су айдындарындағы су деңгейінің бірден көтерілуіне байланысты Қостанай облысының оңтүстік аудандары су астында қалды. Соның салдарынан әуедегі электр желілері мен трансформаторлық қосалқы стансалардың тіректері астындағы топырақ шайылып кетті. Бұл олардың зақымдалуына және 37 елді мекеннің тұрғындарын электрмен жабдықтауды шектеуге әкелді. Техникалық тексеріс қорытындысы бойынша 989 зақымдалған тірек анықталды. Бүгінгі таңда барлық ірі елді мекенде электрмен жабдықтау уақытша схема бойынша қалпына келтірілді. Жөндеу бригадалары су тасқынының салдарын мүмкіндігінше тез жою үшін жұмысты жалғастыруда, - делінген хабарламада.
Барлығы 12 мың тұрғын үй (ЖТҚ) және 26 мың саяжай учаскелері су астында қалды. Зақым келген 17 982 үйге тексеру жасалып, 15 685-ін бағалау жұмысы аяқталды. Олардың жартысына жуығы жөндеуді және қалпына келтіруді қажет етеді. Осы мақсаттарға 38,6 млрд теңге бөлініп, 5823 отбасы өтемақы алды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді