Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бұдан былай Үкімет отырысы аралас форматта өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Министрдің сөзіне қарағанда, жиынға тек баяндамашылар оффлайн қатысып, ал басқалары онлайн қатысады.
Үкімет отырысын аралас форматта (баяндамашылар – оффлайн, басқалары – онлайн) өткізу тәртібіне қатысты аз-кем ақапарат бере кеткіміз келеді. Мәдениет және ақпарат министрлігі БАҚ өкілдері мен министрлер кабинетінің барлық ведомстволары арасындағы өзара іс-қимыл жұмысын үйлестіруге және көмектесуге дайын, - деді ол.
Яғни тілшілер қауымы Үкіметтің кез келген мүшесінен кулуарда сұхбат ала алмайды деген сөз.
Балаева ай сайын журналистерге арналған брифинг өткізілетінін де тілге тиек етті.
Сондай-ақ министрлер ай сайын саланың өзекті мәселелері бойынша журналистерге арналған брифинг өткізетінін атап өткім келеді. Бұл процедура барлық БАҚ өкілдерінің ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ететініне сенімдімін, - деді ведомство басшысы.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді