13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚазақстан Үкіметі ресми түрде отставкаға кетті. Бұл – жаңа Парламент өз жұмысын бастаған кезде Конституцияда белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асатын рәсім.
Ақорданың сайтында тиісті жарлық жарияланды. Құжатқа сәйкес, Үкіметтің қазіргі құрамы жаңа Үкімет бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара береді.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жұмысына баға беріп, министрлер кабинетінің құрамында өзгерістер болуы мүмкін екенін айтқан еді.
Үкіметтің жұмысына алаңдауға немесе, тіпті, Үкіметтің жұмысына көңілі толмауға қандай да бір негіз жоқ. Министрлер де, Үкімет басшысы да тырысып жұмыс істеп жатыр. Бірақ кадрлық өзгерістер әрдайым қажет, өйткені бұл Үкіметке жаңа күш береді, – деген еді президент.
Айта кетейік, Олжас Бектенов басқаратын Үкімет 2024 жылғы ақпанда құрылған. Ол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайылов бастаған Үкіметті отставкаға жіберген болатын.
Енді жаңа Үкіметтің құрамы бекітілгенге дейін қазіргі министрлер кабинеті өз міндеттерін атқара береді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды