Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПремьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте орталық мемлекеттік органдардың және «Атамекен» ҰКП басшылығының қатысуымен орта кәсіпкерлікті дамытудың жаңа тәсілдері қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықовтың мәліметінше, 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша республикада 2 910 орта кәсіпкерлік субъектісі бар. Олардың ЖІӨ-дегі үлесі – 6,3%.
Бұл кәсіпорындарда шамамен 380 мың адам жұмыспен қамтылған.
VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы алдағы жылдары орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндетін қойды. Осыған байланысты ҚР ҰЭМ мемлекеттік сатып алу саласын қосқанда, орта кәсіпкерлікке қатысты реттеу рәсімдерін жеңілдету, салық төлеуге ынталандыру, инвестициялық белсенділікті арттыру, әкімшілік жүктемені азайту және орта кәсіпкерлікті қолдауды кеңейту жөнінде шаралар ұсынды.
Премьер-министр негізінен аталған тәсілдерді мақұлдап, жаңа бастамаларды әзірлеу процесіне бизнес-қоғамдастықты белсенді түрде тартудың маңызын атап өтті.
«Біз бұл ұсыныстар бойынша, бірінші кезекте бизнестің ұсыныстарын ескере отырып, жақсылап жұмыс істеуіміз керек. Оларды мұқият зерделеп, заңнамаға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың салалық бағдарламаларына тиісті өзгерістер енгізу қажет», – деді Әлихан Смайылов.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді