20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәжіліс депутаты Аян Зейнуллин премьер-министрге киік мәселесі жөнінде депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Депутаттың айтуынша, киік санының күрт көбеюі шаруашылыққа жайлы болмай тұр. Бүгінде киік саны 2 миллионнан асқан.
Оның 90 пайызы Қазақстанның батысында. Негізінде салалық министрліктің есебі бойынша киіктердін саны 750-770 мыңнан аспауы керек еді. Жайылымдық жердің өзін айтпағанда, шаруа қожалықтары маңдай терімен еккен егістіктерді киіктер тобы бір таптап өткенде-ақ миллиондаған қаржылары желге ұшады, – деді Зейнуллин.
Сондай-ақ ол Қазақстанның солтүстігінде жылына 150 мыңдай гектар егін алқаптары бүлінетінін, 1 гектардан 10 центнер өнім зая кетсе сол өңірдің шаруалары 14 миллиард теңге шығынға ұшырап, несие қайтара алмаған шаруалар банкрот болып жатқанын айтты.
Киіктен зардап шегіп отырған 6 облыстын шаруалары қауқарсыз болып отыр. Тапталған егістіктің өтеуі жоқ. Бұған менің еш қатысым жоқ деп, тек сырттан ғана қарап қалай отыра аламыз? Сонымен қатар түрлі себептермен өліп жатқан киіктер де көп кездесуде. Ен далада қараусыз тегін жатқан дүниеге ауыл жұртынын қызығушылы артатыны заңдылық, – дейді депутат.
Ол дәл қазір киікті қорғаймыз ба, әлде киіктен адамды қорғаймыз ба? Тез арада киік популяциясын реттеп, мүмкін оны өндірістік жолға қойып, мүйізін, етін, терісін дұрыс пайдаланып, кәдеге жаратқан дұрыс шығар деген пікірге келді.
Егер, үкімет киік қарғысынан қорқатын болса, шаруалардың шығынын толық өтеп беру механизмін енгізу керек. Бұл мәселеде нақты шешім қажет. Жолданған сауалға белгіленген мерзімде жауап беруіңізді сұраймыз, – деді мәжілісмен.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?