10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҮкіметте кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын қайта қарастыру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Кеңес Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен өтті. Жиын барысында шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың барлық шарасына аудит жүргізу мәселесі талқыланды. Кеңеске Ұлттық банк, «Атамекен» ҰКП және мемлекеттік орган өкілдері қатысты.
Бүгінде шағын және орта бизнесті қаржылық және инфрақұрылымдық қолдау шаралары аясында 80 құрал қолданылады.
Қаржы министрлігі мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігіне мониторинг жүргізетін «e-Minfin» ақпараттық жүйесін әзірлеп, іске қосты. Бағалау үш тиімділік көрсеткіші бойынша жүргізіледі: бюджеттік, қаржы-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық. Сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік қолдау шаралары туралы мәліметтерді автоматты түрде алу мақсатында он оператормен жасалған интеграция аяқталды. Бүгінде бұл құрал 27 мемлекеттік орган мен ұйымның 260-тан астам пайдаланушысына қолжетімді.
«Атамекен» ҰКП мәліметінше, мемлекеттік қолдау аясында 2022 жылы 21 913 ШОБ субъектісіне сервистік қолдау көрсету бойынша 26 195 қызмет көрсетілген. 39 474 клиентке ақпараттық-кеңес беру қызметі бойынша 136 129 кеңес берілді. 24,7 млрд теңгеге 2676 жобаны қаржыландыруға қолдау көрсетілді. Жобалар аясында 3104 жұмыс орны ашылды. Жаңадан 1435 кәсіпорын ашылып, 340 ШОБ субъектісіне келісімшарт жобалары әзірленді.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді