Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов қайта сайланған Үкімет құрамына қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Парламент Мәжілісінің отырысынан кейінгі кулуарда айтты.
"Көңіліміз толмайтын министрлік ол – энергетика министрлігі. Өйткені, елдегі жанар-жағармайдың қымбаттауы энергитика министрлігінің жұмысына байланысты болып отыр. Оның үстіне жанар-жағармайдың мәселесі, энергетика саласы бойынша, газбен жабдықтауға байланысты мәселелер туындады", деді депутат.
Ол жаңадан сайланған Энергетика министрі алдағы уақытта басқа министрлердің қызметтеріне байланысты талдау жұмыстары жүргізіп, тиісті шешімдер қабылданатындығына сенім білдірді.
Сонымен қатар, Үкімет халықтың жақсы өмір сүру жағдайындағы мәселелерді бірден шеше алмауы мүмкіндігін айтты.
«Үкімет өзінің құзырындағы мәселелерді шешуге, реттеуге міндетті. Егер де ол мәселелерді шеше алмайтын болса, онда Үкімет отставкаға кету керек», - деді Нұртай Сабильянов.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді