23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіПремьер-министрдің орынбасары – ҚР Үкімет Аппаратының Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев Астанаға жұмыс сапарымен келген БАӘ-нің Министрлер кабинеті істері жөніндегі министрі Мұхаммед Әл-Гаргауимен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті.
Барлық бағыттардағы тұрақты байланыс саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты әріптестікті одан әрі нығайтуға ықпал етуде.
Қазақстан өзара ақпарат және пайдалы тәжірибе алмасу арқылы мемлекеттік басқару саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі, - деді Ғ.Қойшыбаев.
Өз тарапынан М. Әл-Гаргауи қазақстандық әріптестеріне БАӘ Үкіметінің мемлекеттік басқару жүйесінде қолданылатын цифрлық шешімдерді таныстырды.
Кездесу соңында тараптар басым бағыттар бойынша тығыз өзара іс-қимылды одан әрі жалғастыруға уағдаласты.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады