29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЕліміздің Премьер-министрі Әлихан Смайылов Мәдениет және ақпарат, Сауда және интеграция, Көлік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Туризм және спорт министрліктерінің ұжымдарына жаңа басшыларды таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, креативті индустрияға қатысушыларды қолдау шаралары бойынша нақты ұсыныстар енгізіп, әр өңірде креативті индустрия орталықтарын құру жөнінде шаралар қабылдауы қажет, - деді Әлихан Смайылов.
Жаңа сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті таныстыру барысында Үкімет басшысы ведомствоның алдында ішкі сауданы дамыту, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспортын ілгерілету, республиканың сауда-саттықтағы әріптестерімен интеграция салалары бойынша маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті.
Көлік министрлігінің ұжымына Марат Қарабаевты таныстыра отырып, Премьер-Министр республиканың көлік-логистика саласын одан әрі дамытудың стратегиялық маңызын атап өтті.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұжымына жаңа басшы Светлана Жақыпованы таныстыра отырып, Үкімет басшысы ведомствоның алдында үлкен міндеттер тұрғанын, республика азаматтарының әл-ауқатының деңгейі оларды тиімді шешуге байланысты екенін атап өтті. Атап айтқанда, бұл жұмысқа орналастыруға, еңбек дауларын шешуге, зейнетақы, жәрдемақы тағайындауға және т.б. қатысты
Ермек Маржықпаевты Туризм және спорт министрлігінің ұжымына таныстыру аясында Премьер-Министр Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді уақтылы іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Премьер-Министр жаңадан тағайындалған барлық министрлер мен тиісті ведомстволардың ұжымдарына жемісті жұмыс тіледі.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек