Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПремьер-министр Әлихан Смайылов пен Monterra Group компаниясының өкілі Иоганн Штоль Жамбыл облысында ірі тау-кен металлургия комбинатын салу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында жобаның техникалық құжаттамасын әзірлеу, инфрақұрылым салу, кейін жұмысқа орналасуын қамтамасыз ете отырып, жергілікті тұрғындар арасынан жас мамандар даярлау, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаны сақтау шараларын жүргізу мәселелері талқыланды.
Жобаны 2026-2029 жылдар аралығында үш кезең бойынша іске асыру жоспарланып отыр. Ең жоғары қуатқа жеткеннен кейін кәсіпорын жылына 5 млн тоннаға жуық алтын кенін өндіріп, өңдей алады. Жобаға 832 млрд теңгеге дейін тікелей шетелдік инвестиция тартылады деп күтілуде. Нәтижесінде 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Заманауи еуропалық өңдеу технологиялары қолданылатын зауыт республикадағы ең жоғары технологиялық зауыттардың біріне айналады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?