10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТаяу күндері Мемлекет басшысына Премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жақында Премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады. Уақыты келгенде білесіздер. Қазір мен оны ашып айта алмаймын. Мемлекет басшысына кандидатураны таяу күндері ұсынатын боламыз. Мүмкін ертең не арғы күні. Қазір процедурасын пысықтап жатырмыз, - деді Мәжіліс төрағасы БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беріп.
Ерлан Қошанов дәл қазір Үкімет басшысы лауазымына мына кандидатты ұсынамын деп айту орынсыз болатынын қоса айтты.
Партия төрағасы ретінде ол - үлкен жауапкершілік. Партия фракциясында ақылдасуымыз керек. Содан кейін мен сіздердің алдыларыңызға шығып немесе тиісті процедуралар арқылы сауалдарыңызға жауап беремін, - деп түйіндеді Мәжіліс төрағасы.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді