Үкімет басшысы әскери оқу-жаттығуларды өткізу тәртібі қалай өзгеретінін айтты

Үкімет басшысы әскери оқу-жаттығуларды өткізу тәртібі қалай өзгеретінін айтты

Асқар Таудай
Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Қорғаныс министрлігінде жүргізілген тексеріс әскери оқу-жаттығулар кезінде қауіпсіздік талаптарының тиісті деңгейде сақталмағанын анықтады.

Каспий теңізінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Қазақстанда әскери оқу-жаттығуларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі қайта қаралады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді.

Үкімет басшысының айтуынша, Маңғыстау облысында болған қайғылы оқиға әскери жаттығуларды жоспарлау, қауіп-қатерді бағалау және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету жүйесіндегі бірқатар кемшілікті көрсеткен.

Әскерилердің қауіпсіздігі үшін қандай технологиялар қолданылады?

Қазіргі уақытта Қазақстан Қарулы күштерінде оқу-жаттығулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заманауи технологиялар пайдаланылып жатыр.

Атап айтқанда, әскери жаттығулар кезінде әуеден бақылау жүргізетін ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылады. Сонымен қатар күштік құрылымдардың жекелеген бөлімшелерінде әскери қызметшілердің орналасқан жерін анықтауға және олардың физиологиялық жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін жеке құрылғылар енгізілген.

Бұдан бөлек, күштік мемлекеттік органдар «Қазгидромет» мекемесімен өзара іс-қимылды жолға қойған. Соның нәтижесінде әскери құрылымдар ауа райының ықтимал өзгерістері мен дауылды ескертулер туралы ақпаратты тұрақты түрде алып отырады.

Әскери оқу-жаттығулардың қауіпсіздігі қалай күшейтіледі?

Олжас Бектеновтің мәліметінше, Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғадан кейін Қорғаныс министрлігінде кешенді тексеріс жүргізілген.

Тексеру барысында бірнеше жүйелі кемшілік анықталған. Атап айтқанда:

Премьер-министр бұл кемшіліктерді жою үшін әскери басқару жүйесін жетілдіру көзделіп отырғанын жеткізді.

«Осыған байланысты мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша уәкілетті органдар әскери реформа жоспарының жобасын әзірледі. Ол әскери басқару жүйесін жетілдіруді, соның ішінде әскери қызметшілердің қауіпсіздігін сөзсіз қамтамасыз ете отырып, оқу-жаттығуларды жоспарлау мәселелерін стандарттауды көздейді», – делінген премьер-министрдің жауабында.

Осылайша, алдағы уақытта әскери жаттығуларды жоспарлау кезінде қауіпсіздік талаптарына ерекше назар аударылып, тәуекелдерді алдын ала бағалау және қауіпті жағдайларда жедел шешім қабылдау тәртібін жетілдіру жоспарланып отыр.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Каспий теңізінде әскери оқу-жаттығу өткізу кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Соның салдарынан 17 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен.

Қайғылы оқиға нәтижесінде 14 әскери қызметші қаза тауып, үшеуі құтқарылған.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-бөлігі («Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау») және 465-бабы («Кеме жүргізу қағидаларын бұзу») бойынша екі қылмыстық іс қозғалды.

25 қыркүйекте Қорғаныс министрлігі жүйесіндегі бес лауазымды тұлғаның ұсталғаны хабарланды. Ал 6 қазанда Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы қамауға алынды.

Президент әскери реформаны қолға алуды тапсырды

26 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінде кешенді тексеріс жүргізуді тапсырды.

Келесі күні президент жаңа қорғаныс министрін тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл қызметке Айдос Мырзахметов тағайындалды.

28 қыркүйекте жаңа министр Қазақстан Қарулы күштерін реформалаудың негізгі міндеттерін жариялады.

Үкімет басшысының жауабына сәйкес, әскери реформаның басты бағыттарының бірі – әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын қорғау, оқу-жаттығулар кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын күшейту және мұндай қайғылы оқиғалардың қайталануына жол бермеу.

Оқи отырыңыз

{