Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтөбеде премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов дамудың негізгі көрсеткіштеріне, маңызды түйткілді мәселелерді шешу, сондай-ақ жаңа өндірістік және әлеуметтік жобаларды іске асыру жөнінде тоқталды.
Сондай-ақ мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов, энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов, ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, ауыл шаруашылығы вице-министрі – Ербол Тасжүреков және денсаулық сақтау вице-министрі – Вячеслав Дудник өздері жетекшілік ететін салалардағы жағдай мен қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама жасады.
Премьер-министр қазіргі уақытта жалпы өңір бойынша жергілікті және аудандық маңызы бар жолдардың 30%-ға жуығының нормативтік жағдайы өте нашар екенін атап өтті. Атап айтқанда, республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» тас жолының жағдайы біраздан бері халықтың орынды наразылығын тудырып келеді.
Сонымен қатар өңірде үлестік құрылыстың шешілмеген мәселелері бар. Ал, жүйелі шаралар мен жағдайды дұрыс болжау тәсілдерінің болмауына байланысты облыстың жекелеген аудандарын әр жыл сайын көктемде су басып қалады.
Жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін шұғыл әрі нақты шаралар қажет, - деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар Премьер-Министр шешімін таппаған бірқатар әлеуметтік мәселеге де назар аударды. Мәселен, облыс бойынша 13 мыңнан астам бала 101 бейімделген мектепте білім алып отыр. Сондай-ақ 5 апаттық жағдайдағы, 24 саман-кірпіштен және 13 ағаштан салынған мектеп жұмыс істейді. Ал, оқушы орындарының тапшылығы 17 мыңнан астам. Денсаулық сақтау туралы айтатын болсақ, 64 медициналық мекеме тозығы жеткен және бейімделген ғимараттарда орналасқан.
Қазір осы түйткілді мәселелерді шешуге бағытталған «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобалары іске асырылуда. Сыбайлас жемқорлардың қаражаты есебінен құрылған бюджеттен тыс қордан қаржы тартылады. Осыған орай, әкімдік жұмысты күшейтіп, жаңа әлеуметтік нысандарды белгіленген мерзімде тапсыруды қамтамасыз етуі қажет, - деді Үкімет басшысы.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?