Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек"АрселорМитталТеміртау" АҚ-ын өзге шетелдік инвесторға беру туралы мәселе әзірге қарастырылмаған. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін таңда Қарағанды облысындағы "Костенко" атындағы шахтада болған жарылыстан кейін Мемлекет басшысы үкіметке аталған компаниямен инвестициялық ынтамақтастықты тоқтатуды тапсырған болатын.
Әлеуметтік желілерде «АрселорМиталл Теміртау» АҚ-ны басқа шетелдік инвесторларға беру туралы ақпарат таралуда. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта кәсіпорынды Қазақстан Республикасының пайдасына қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде. Үкімет «АМТ» АҚ-ны әрі қарай басқа шетелдік инвесторларға беру мәселесін қарастырып жатқан жоқ, - деп жазылған үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қарағанды облысындағы шахтала болған өрт салдарынан қайтыс болған адамдар саны 20-ға жетті. Сонымен бірге 18 адамның түролі жарақатпен ауруханаға жеткізілгені мәлім болды. Апат кезінде кен орнында 252 адам болған. Олардың 205-сі жер бетіне шығарылды. Апатты жоюға қатысты штабқа еліміздің төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов жетекшілік етіп жатыр. Сонымен бірге, бас прокуратура шахтадағы апатқа қатысты тергеу амалдарын бастады. Ал Әлихан Смайылов Костенко шахтасындағы апаттың себептерін тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссияны басқаратын болады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?