29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБүгін премьер-министр Әлихан Смайыловтың қатысуымен 2023 жылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы жөнінде 10 айдың қорытындысы жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет басшысы:
Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша экономиканың нақты өсімі 4,9%-ті құрады. Нақты сектор экономикадағы тұрақты дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Мұнай және табиғи газ өндіру есебінен тау-кен өнеркәсібінде өсім 6%-тен асты. Өңдеу өнеркәсібінде өсім 3%-тен жоғары болды. Машина жасау 27%, оның ішінде автомобиль жасау 42%-ке өсті, – деп атап өтті.
Сондай-ақ ол жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және жаңа кәсіпорындар құру бағытында бизнесті белсенді қолдау керектігін атап өтті.
Дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында біз инфляция деңгейін 10,8%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік алдық. Жыл соңына дейін инфляцияны 2 есеге азайту үшін мемлекеттік органдар мен әкімдіктер инфляция деңгейін бақылау және төмендету бойыншаш аралар кешеніндегі барлық жоспарланған іс-шараларды тиімді жүзеге асырудық амтамасыз ету қажет, – деді Әлихан Смайылов.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек