22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЛондонда (Ұлыбритания) өтетін беделді Уимблдон турнирінің жеребе тарту рәсімі аяқталып, Қазақстанның теннисшілері негізгі кезеңдегі алғашқы қарсыластарын білді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ерлер арасында еліміздің үздік теннисшісі Александр Бублик (ATP рейтингінде 30-орын) турнирді испаниялық Хауме Муньярмен (54-орын) кездесумен бастайды. Қазақстан құрамасындағы екінші нөмірлі ойыншы Александр Шевченко (97-орын) АҚШ өкілі Рейлли Опелкамен (72-орын) шеберлік байқасады. Ал Бейбіт Жұқаев (251-орын) алғашқы айналымда рейтингте жоғары тұрған италиялық Флавио Коболлимен (24-орын) кортқа шығады.
Айта кетейік, ерлер арасындағы Уимблдонның қазіргі чемпионы - испан теннисшісі Карлос Алькарас.
Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 11-орын) жарыстың алғашқы кезеңінде армениялық Элина Аванесянмен (49-орын) кездеспек. Ал Юлия Путинцева (34-орын) америкалық Аманда Анисимовамен (13-орын) кортқа шығады.
Турнирдің әйелдер арасындағы қазіргі жеңімпазы - чехиялық Барбора Крейчикова. Биылғы жарыстың жүлде қоры бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетіп отыр - 53,5 миллион фунт стерлинг. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5 миллион фунтқа артық.
Сонымен қатар, Анна Данилина Уимблдонда жұптық және аралас санаттарда ел намысын қорғайды. Оның қарсыластары алдағы күндері белгілі болады.
Атақты турнирдің негізгі кезеңі 30 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев