Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақ спортшысы, Азат Мақсұм әлемдегі ең танымал лига UFC-мен келісімшартқа отырды деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз UFC-ге Octagon лигасынан ауысып барды. Ол бұл лигада жеңіл салмақта чемпион атанған.
Азат спорттық карьерасын джиу-джитсу мен еркін күрестен бастаған.2017 жылы Zhekpe Zhek лигасында өнер көрсетті. Ал 2019 жылы Алматыда OCTAGON лигасында бақы сынай бастады.
Бұған дейін Асу Алмабаев та осы лиганың қатарына қосылған.
Қазақ спортшыларынан ең үздік көрсеткіш Шавкат Рахмоновқа тиесілі. Азат енді 57 келіге дейін салмақта бақ сынайды. Бұл салмақта отандастарымыз арасынан алғаш Жалғас Жұмағұлов болған.
Сонымен UFC-де қазақ спортшыларынан Асу Алмабаев, Дамир Исмағұлов, Шавхат Рахмонов, Жалғас Жұмағұлов, Азат Мақсым, Сергей Морозов, Мария Агапова бар. Одан бөлек, Қытайдағы екі қандасымыз Сайран Нұрданбет пен Қайсар Мақсат өнер көрсетіп жүр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді