УЕФА Қазақстан құрамасының жеңісіне қатысты пікір білдірді

12 Қыркүйек 2023, 10:51 954

УЕФА-ның ресми сайты футболдан Еуропа-2024 чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасының Солтүстік Ирландияны (1:0) жеңуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оқи отырыңыз:

Максим Самородовтың әдемі соққысы Қазақстан құрамасына Солтүстік Ирландияны жеңуге мүмкіндік берді. Тағы бір сәтте қақпаға тура бағыт алған соққыны қайтарып қалды. Қазақстандықтар топтарында рекордтық 12 ұпайға қол жеткізіп, Еуро-2024-ке шығу үшін күресті жалғастыруда, - делінген хабарламада.

Алты турдан кейін еншісінде 12 ұпайы бар Қазақстан құрамасы Н іріктеу тобында төртінші орында келеді. Бұған дейін отандық команда әлем және Еуропа чемпионаттарына іріктеуде 10 ұпайдан артық жинаған емес.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: