19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (UEFA) 2024 жылғы «Алтын допты» табыстау рәсімін ұйымдастырушылар қатарына қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ге сілтеме жасап.
Аталған ұйым сыйлықты өткізетін France Football және L ' Equipe медиа компанияларына иелік ететін Groupe Amaury компаниясымен ынтымақтастық туралы жариялап отыр.
UEFA марапаттау рәсімін коммерциялық насихаттаумен және ұйымдастырумен айналысады.
«UEFA мен «Алтын доп» спорттық шеберліктің синонимі саналады, сондықтан серіктестігіміз ерекше деңгейде жүргізіледі. Атақ пен синергияның табиғи үйлесімі болады», - деді UEFA басшысы Александр Чеферин.
2023 жылы «Алтын доп» Аргентина құрамасы мен «Интер Майами» клубының ойыншысы Лионель Мессиге табыс етілді. Ол бұл жүлдеге сегізінші мәрте қол жеткізді.
Айта кетейік, «Алтын доп» жүлдесі 1956 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары