29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Курстық даярлық Әуе қорғанысы күштерінің кіші мамандарын даярлайтын бірегей оқу-жаттығу орталығында ұйымдастырылып отыр. Бұл жерде келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді инженерлік-авиациялық қызмет, ұшуды қамтамасыз ету құралдарын пайдалану және жөндеу, байланыс және радиотехника мамандықтарына оқытады.
Курстық даярлықтың мақсаты – әскери қызметшілердің кәсіби деңгейін арттырып, практикалық дағдыларын жетілдіру және дене даярлығын жақсарту.
– Оқу процесі Әскери-әуе күштері мен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің кіші мамандарын даярлайтын екі мектепте 15 мамандық бойынша өткізіледі. Оқу ұзақтығы бір жарым ай, – дейді қызмет бастығы – оқу-әдістемелік бөлімнің оқытушысы подполковник Самғат Күшқалиев.
Оқу-жаттығу орталығында жаттықтыру кешендері, зертханалық-оқу сыныптары, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің ұшу аппараттары мен техникаларының модельдері бар. Мамандығы бойынша практикалық дағдыларды пысықтауға мүмкіндік беретін тиісті материалдық-техникалық базамен жабдықталған.
Сабақты тәжірибесі мол, білікті мамандар жүргізеді. Осы жылдар ішінде орталық үш мыңнан астам кіші буын мамандарын даярлап шығарды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек