Учаскелік дәрігерлердің жалақысы өседі: 2027 жылдан бастап кімдерге қосымша ақы төленеді

Учаскелік дәрігерлердің жалақысы өседі: 2027 жылдан бастап кімдерге қосымша ақы төленеді

Мадина Асылбекова
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлеріне еңбек өтіліне қарай қосымша ақы төлеу ұсынылып отыр.

Үздіксіз еңбек өтілі екі жылдан асқан мамандарға қызмет жалақысының 20-дан 50 пайызына дейін үстемеақы берілуі мүмкін. Ал халыққа тікелей қызмет көрсететін психологтар мен әлеуметтік қызметкерлерге де қосымша төлем қарастырылған.

Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланған бұйрық жобасында айтылған.

Қандай мамандарға және қанша үстемеақы беріледі?

Құжат жобасына сәйкес, алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МСАК) ұйымдарында, яғни емханаларда үздіксіз еңбек өтіліне қарай медицина қызметкерлеріне мынадай қосымша ақы төлеу көзделген:

Бұл үстемеақы учаскелік терапевтерге, учаскелік педиатрларға, жалпы практика дәрігерлеріне, сондай-ақ учаскелік және жалпы практика мейіргерлеріне, фельдшерлерге, акушерлерге, патронаждық және мектеп мейіргерлеріне берілуі мүмкін.

Бұдан бөлек, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында халыққа тікелей қызмет көрсететін медицинаға жатпайтын мамандарға да қосымша төлем қарастырылған. Атап айтқанда, психоэмоциялық және физикалық жүктемені ескере отырып:

Ауылдағы учаскелік дәрігерлер қанша жалақы алуы мүмкін?

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жаңа үстемеақы енгізілген жағдайда ең жоғары жалақыны еңбек өтілі мол, ауылдық жерде жұмыс істейтін жалпы практика дәрігерлері алуы мүмкін екенін хабарлаған.

Министрлік есебінше, мұндай мамандардың айлық табысы қосымша төлемді қоса есептегенде қазіргі 534 мың теңгеден 760 мың теңгеге дейін өсуі ықтимал.

Ауылдық жердегі орта буын медицина қызметкерлерінің де табысы артады деп күтілуде. Еңбек өтілі жоғары мамандардың жалақысы 284 мың теңгеден 401 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін.

Жаңа үстемеақы еңбек жолын енді бастаған мамандарға да әсер етеді. Мәселен, ауылдағы жалпы практика дәрігерінің айлығы 386 мың теңгеден 450 мың теңгеге дейін өсуі ықтимал. Ал орта буын медицина қызметкерлерінің жалақысы 221 мың теңгеден 256 мың теңгеге дейін артуы мүмкін.

Қалалардағы медицина қызметкерлерінің жалақысы қанша болады?

Қосымша төлемдер қаладағы учаскелік медицина қызметкерлеріне де қарастырылған.

Денсаулық сақтау министрлігінің есептеуінше, еңбек өтілі ең жоғары жалпы практика дәрігерінің жалақысы қазіргі 425 мың теңгеден 607 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Ал еңбек өтілі мол орта буын медицина қызметкерлерінің айлығы 224 мың теңгеден 318 мың теңгеге дейін өсуі ықтимал.

Еңбек өтілі аз мамандар да қосымша ақы алады деп жоспарланып отыр. Қаладағы жалпы практика дәрігерінің жалақысы 307 мың теңгеден 358 мың теңгеге дейін, ал орта буын медицина қызметкерлерінің табысы 173 мың теңгеден 202 мың теңгеге дейін артуы мүмкін.

Министрлік мәліметінше, учаскелік қызметтегі медицина мамандарының, сондай-ақ психологтар мен әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын көтеру 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап жоспарланған.

Оқи отырыңыз

{