Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАрнайы бейінді мамандардың консультацияларын алуға қатысты азаматтардың көптеген өтініштерін ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі өткен жылы амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережелерін жаңартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның "Амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" тиісті бұйрығында белгілі бір жағдайларда жалпы практика дәрігерінің (учаскелік дәрігердің) жолдамасынсыз консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету көзделген.
Сонымен, пациентке шұғыл жағдайлар мен жарақаттар кезінде, соның ішінде офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқаларында; шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету кезінде; дерматовенерологиялық бейіндегі аурулар кезінде ЖПД-дан арнайы маманға жазылудың және жолдама алудың қажеті жоқ.
Сондай-ақ, акушер-гинеколог пен психологқа қабылдау тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.
Онкологиялық және гематологиялық бейіндегі ауруларға күдік болған жағдайда жолдама талап етілмейді.
Сондай-ақ, "жасыл жол" бағыты бекітілді, онда онкологиялық ауруға күдікті пациент емханада 18 күнде тексеруден өтеді
Бір жағдай шеңберінде бейінді маманға қайта қабылдау кезінде, сондай-ақ динамикалық байқау ауруының бейіні бойынша арнайы маманға жолдамасыз қарала алады.
Сонымен қатар, жастар денсаулық орталықтарына жүгіну және жылжымалы медициналық кешендердің қызметтерін алу және басқалар үшін жолдама алудың қажеті жоқ.
Нәтижесінде арнайы маманға келесі жағдайларда жолдамасыз қол жеткізуге болады:
Өз біліктілігі шеңберінде ЖПД (жалпы практика дәрігері) аурудың жасына және түріне қарамастан бүкіл отбасына көпбейінді көмек көрсету үшін негізгі медициналық мамандықтарға кеңінен бағдарлануы тиіс.
ЖПД үйде қабылдауды және баруды, профилактикалық, емдеу-диагностикалық және оңалту іс-шараларының кешенін жүргізуді жүзеге асырады.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады