Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЖеліде Батыс Қазақстан облысындағы мектеп оқушылары ҰБТ тапсыруға трактормен барғаны туралы бейнежазба тарады. Бұған қатысы ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дархан Ахмед-Заки бейнежазбадағы оқиғаға қатысты тиісті шаралардың қолданылғанын айтты.
Әрине, мен бұл бейнежазбаны көрдім. Жауапты тұлғалар жазасын алды. ҰБТ аясында тест тапсыру жүйесін жергілікті атқарушы органдар, жалпы біздің тестілеу орталығы қамтамасыз етуі тиіс. Наурыз айының қорытындысы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуді 117 мыңнан астам түлек тапсырды, - деп атап өтті ол.
Білім вице-министрінің сөзінше, мектеп оқушылары келесі ҰБТ-ны енді маусым айында тапсырады.
Айта кетейік, бұған дейін біз Сенат отырысында Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылғаны жайлы жазған едік.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек