10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПремьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев бірыңғай уақыт белдеуінің тұрғындарға ешқандай кері әсер етпегенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тәжірибе көрсеткендей, өңірлердің басым бөлігі айтарлықтай кері әсердің жоқ екенін айтып отыр. Адам денсаулығына, балалардың оқу сапасына, коммуналдық шығындар мен жол қозғалысына және қылмыстың өсу динамикасы өзгеріске ұшырамаған. Кейбір өңірлерде, әсіресе шығыста адаптация процесі жалғасып жатыр. Тұрғындарға тиімді болуы үшін жұмыс уақыты өзгертіліп, ол қазір 5 жарымға таман аяқталады. Нәтижесінде қалған уақытты тұрғындар отбасы мен балаларына арнауға көбірек мүмкіндік алып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет пен Парламент бұл сұрақты жан-жақты қарады. Кеше ғана фракция отырысы өтіп, ортақ пікір қалыптасты, - деді Ермек Көшербаев.
Айта кетейік, күні кеше Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының мүшелері өзгерген уақыт белдеуінің халықтың физикалық және психикалық денсаулығына, еңбек өнімділігіне және энергетикалық ресурстарды тұтынуға әсері туралы зерттеу нәтижелері бойынша Үкімет есебін тыңдады. Осылайша депутаттар бірыңғай уақыт белдеуі бойынша Үкіметтің шешімін қолдады.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді