20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТөтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарды еске салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
- Егер де сіз бөлмеде болсаңыз, жылдам қауіпсіз орынға жайғасыңыз;
- Ішкі есік пен бөлменің бұрышындағы ойықты паналаңыз;
- Құлаған заттар мен ауыр жиҺаздан абайлаңыз;
- Балконға шықпаңыз, терезе мен ауыр заттардан алыс тұрыңыз;
- Ғимараттан жүрігіп шықпаңыз, дүмпулердің тоқтағанын күтіңіз;
- Жеделсатыны қолданбаңыз, шығар алдында суды, газ, электрді өшіріңіз;
- Ішіне қолшам, дәрі-дәрмек, құжаттар салынған дабыл сөмкесін алыңыз;
- Егер де сіз далада болсаңыз, ғимараттар мен электр бағандарынан алысқа барыңыз.
Айта кетейік, «Дабыл чемоданы» - құтқарушылар келгенге дейін немесе жер сілкінісі, су тасқыны өрт және басқа да төтенше жағдайларда аман қалуға арналған заттардың негізгі жиынтығы.
Оқыс оқиғадан ешкім сақтандырылмаған. Төтенше жағдай туралы дабыл кез келген сәтте, кез келген жерде қағылуы мүмкін. «Дабыл чемоданы» әрқашан дайын болуы үшін бұған алдын ала дайындық жасаңыз! Бұған төтенше жағдайда қолдануға болатын заттар кіреді.
«Дабыл чемоданы» құжаттардан, ақшадан, алғашқы медициналық көмек жинағынан, үш күндік тамақтан, ауыз су және бірнеше күндік тағамнан, консервілерден, жоғары калориялы тағамдардан, гигиеналық құралдардан, жылы киімдерден, көрпеден, керек-жарақтардан (радио, фонарь, батареялар, сіріңкелер, құралдар, ысқырық) тұрады. Ол төтенше жағдай кезінде сіздің өміріңізді сақтауда басты құралға айналады. Сол себепті әр азаматтың төтенше жағдайға және одан кейінгі әрекетке дайын болғаны жөн.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?