Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрШығыс Қазақстан облысында ТЖМ құтқарушылары және «Қазавиақұтқару» АҚ ұшқыштары балалар үйінің тәрбиеленушілері мен көпбалалы отбасылардың балаларын оқу-жаттығу аясында Ми-8 тікұшағымен әуеге көтеріп, олардың арманын орындады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл балалар үшін ерекше оқиға болып отыр. Олар алғаш рет құтқару әуе кемесінің бортына мініп, аспанға көтеріліп, экипаж мүшелерімен тілдесіп, ТЖМ авиациясы қандай жағдайларда және қалай жұмыс істейтінін білді. Ұшқыштар мен құтқарушылар оларға адамдарды эвакуациялау, орман өрттерін сөндіру, ауыр науқастарды тасымалдауға арналған санитарлық рейстер туралы айтып берді.
«Қазавиақұтқару» АҚ-ның бас директоры Алпамыс Камалов ұшқыш-құтқарушы мамандығы — бұл тек техникалық шеберлік емес, сондай-ақ адам өмірін құтқару мен қиын сәттерде көмек көрсету сияқты жоғары миссия екенін атап өтті. «Мұндай шаралар балаларға құтқарушылардың жұмысының қаншалықты жауапты әрі маңызды екенін көрсетіп қана қоймай, қауіпсіздік жолында жүрген жандардың еңбегін бағалауға үйретіп, өскелең ұрпақты шабыттандырады», — деп ол атап өтті.
Кездесудің ерекше әсерлі сәттерінің бірі акцияға қатысушы жасөспірім Роман Цойдың тікұшақ экипажына өз қолымен салған суретін сыйға тартуы болды. Бұл жүректен шыққан сыйлық құтқарушылардың балаларға көрсеткен қамқорлығы мен назарына деген ризашылықтың символына айналды.
ТЖМ мерейтойы тек игі істермен ғана емес, азаматтық қорғау жүйесін нығайтуға бағытталған ауқымды жоспарлармен де жалғасуда. Жақын арада еліміздің 20 өңірінде әуе жасақтары құрылып, бұл құтқарушылардың халыққа көмегін бұрынғыдан да жедел әрі қолжетімді етеді. «30 игі іс» акциясы еліміздің түкпір-түкпірінде жалғаспақ.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова