Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҰлытау облысының Жезқазған-Петропавл республикалық маңызы бар автожолының 200-шақырымында автомашина қар құрсауында қалып, оның жүргізушісі көмекке жүгінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ қызметкерлері зардап шеккендерге жету үшін шамамен 40 км жолды қардан тазалап өтті.
ТЖМ мәліметінше, мақсатқа жеткен құтқарушылар бірінші кезекте жолаушыларды жылы вахтаға эвакуациялап, қарда қалған көлік құралын жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығаруға кірісті.
Бірнеше сағатқа созылған құтқару операциясының нәтижесінде барлық 4 жолаушы мен олардың көлігі жақын маңдағы елді мекенге аман-есен жеткізілді. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ, - делінген мәліметте.
Ведомство алыс жолға шықпас бұрын ауа райын бақылап, көліктің техникалық жағдайын тексерудің қажет екенін ескертеді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады