Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыДүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында және Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай Қазақстан ТЖМ құтқарушылары теңіз деңгейінен 3680 метр биіктікте орналасқан Үлкен Алматы шыңын бағындырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шыңға көтерілудің маңызды сәті «Азаматтық қорғаныс – халық қауіпсіздігінің кепілі» ұранымен тақырыптық туды биіктікте желбірету болды. Оған Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің, республикалық жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының, Қазавиақұтқару және ТЖМ Қазселденқорғау филиалдарының қызметкерлері қатысты.
Бұл өрмелеу тек физикалық сынақ емес, бұл біздің кез – келген жағдайда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығымыз бен ісімізге бірілгендіміздің белгісі, – деді альпинизмге қатысушылардың бірі, жасақтың құтқару бөлімінің басшысы Вадим Пак.
Министрліктің баспасөз қызметі мұндай маңызды сәт төтенше жағдайлар саласында жұмыс істейтін барлық құрылымдардың бірлігі мен кәсібилігін бейнелейтінін және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі азаматтық қорғаныстың маңыздылығын атап өтті.
Біз өз кәсібімізді және ең қиын жағдайларда адамдарға көмектесе алатынымызды мақтан тұтамыз. Азаматтық қорғаныстың маңыздылығын асыра бағалау қиын, бүгін біз оны нығайтуға тағы бір қадам жасадық, - деді ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Әлішер Тутешев.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді