Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқмола облысының Степногорск қаласында ер адам газға уланудан аман қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Төтенше жағдайлар департаментінің 101 нөміріне әйел адам қоңырау шалып, күйеуінің ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпай, гараж есігін ашпай жатқанын хабарлаған.
Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер арнайы құралдың көмегімен гараж есігін ашып, іштен қозғалтқышы қосулы көліктің жанында ұйықтап жатқан ер адамды тапты. Гараждың ішін көлік газдары толық жайлағаны анықталған.
Құтқарушылар ер адамды дереу сыртқа шығарып, полиция қызметкерлерімен бірге жедел жәрдем тобына тапсырды. Абырой болғанда, қайғылы жағдайдың алды алынды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді