Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚарағанды облысы Ақтоғай ауданы аумағында республикалық маңызы бар Астана – Қарағанды – Алматы тас жолының 575-шақырымында, Гүлшат ауылынан 14 шақырым қашықтықта жолаушылар автобусы бұзылып қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жедел жетіп, ақаулы көлікте қалған 60 жолаушыны, оның ішінде 15 баланы, жақын маңдағы жол бойындағы жылы кафеге эвакуациялады.
Эвакуацияланған азаматтардың барлығы — Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасының азаматтары. Абырой болғанда, олардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі жолда жүрген азаматтарға ауа райы мен техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі