Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік8 мамырда Алматы қаласындағы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында тау баурайында болған өртті сөндіру кезінде Арслан Құрманбековтің қаза тапқанын хабарлағанбыз.
Құрманбеков Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкері, 7-ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты болып қызмет атқарған. Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндірушінің қазасына байланысты оның туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Арслан жауапты қызметкер, кәсіби күрескер және білікті маман болды. Жұмыста ол еңбекқорлығы, әділдігі және мамандыққа деген сүйіспеншілігі үшін бағаланды, - делінген мәліметте.
Арслан Құрманбеков 1994 жылы 23 тамызда Алматы облысында дүниеге келген. Азаматтық қорғау органдарында 2015 жылғы 14 желтоқсаннан бастап жұмыс істеп келді.
ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсететінін жеткізді.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер