Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіТөтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысындағы жер сілкінісін жоққа шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Earthquake қосымшасында "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жанында жер сілкінісі болғандығы туралы мәліметтер пайда болды. Бұл қосымша әлемдегі соңғы жер сілкіністерін онлайн бақылауға мүмкіндік береді. Қосымшада хабарланғандай, жер сілкінісі Астана уақыты бойынша сағат 13:57-де болған.
Кейінірек ТЖМ баспасөз қызметі осы қосымшаның деректерін жоққа шығарды және жер асты дүмпулерінің байқалуы тіркелмегенін хабарлады.
4 ақпанда 13-57-де "Earthquake" қосымшасы Ақмола облысының аумағында, "Бурабай" паркінің жанында болған жер сілкінісі туралы ақпаратты жариялады. ТЖМ сейсмикалық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы бұл жағдайда жер сілкінісін растамайды,-делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады