Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматыда лай көшкіні жүрген аймақта қауіп сейілді. Комиссия лай көшкінінің қайта түсу қаупі жоқ деген қорытындыға келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Медеу ауданында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.
Оның құрамына Төтенше жағдайлар департаменті, Қазселденқорғау және қала әкімдігінің мамандары бар.
Негізгі мақсат — оқыс оқиға болған тау маңын қауіпсіздік пен тұрақтылыққа тексеру.
8 ақпан сағат 15:00–дегі жағдай бойынша комиссия зерттеу қорытындысы бойынша жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін қайта лай көшкінінің түсуіне қауіп жоқ деген шешімге келді, — делінген мәліметте.
Комиссия өкілдерінің сөзінше, 8 ақпанда 3000 текше метрден астам лай көшкіні түсті.
Жоғарыда әлі 300-400 текше метр бос масса бар, ол қазіргі уақытта мамандардың күшімен тазартылып, қауіпсіз жағдайда төмен түсіріліп жатыр.
Комиссия мүшелері болған оқиғаның себептерін анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда. Оның қорытындысы қосымша хабарланады.
Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады, оны құзыретті органдар тексереді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?