Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТүймедақтың қабынуға және микробқа қарсы қасиеттері ауырсынуды басатын препараттармен шамалас, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
АҚШ пен Жапония ғалымдары осындай қорытындыға келген. Олардың кең көлемді метаанализі Pharmaceutical Biology журналында жарияланған.
Зерттеушілер 11 рандомизацияланған клиникалық зерттеудің деректерін талдаған. Бұл зерттеулерде түймедақ негізіндегі препараттар ауыз қуысы мен асқазан-ішек жолдарының шырышты қабаттарының қабынуын, инфекцияларын емдеуге қолданылған. Түймедақ экстракты ауырсынуды, ісікті және қабынудың деңгейін айтарлықтай азайтып, тіндердің қалпына келуін тездеткен. Оның әсері статистикалық тұрғыдан маңызды болып, қабынуға қарсы стероидті емес препараттармен салыстырғанда да тиімді болған, есесіне олардың жанама әсері жоқ екен.
Ең тиімді нәтиже түймедақ мукозитті емдегенде байқалған – бұл шырышты қабаттың қабынуы, көбіне химиотерапия немесе сәулелік терапиядан кейін пайда болады. Ғалымдар өсімдіктің емдік қасиеттерін құрамындағы белсенді заттармен байланыстырады – әсіресе бисаболол мен апигенин, олар қабынуға шақыратын цитокиндердің бөлінуін тежеп, тіндердің қалпына келуін ынталандырады.
Зерттеушілердің пікірінше, түймедақ созылмалы қабынуларды емдеуде қауіпсіз және қолжетімді альтернатива бола алады, сондай-ақ профилактикалық және косметикалық құралдарда қолдануға жарайды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді