20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар Қансейіттің сотында жарыссөз басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кісі өліміне Талдықорған қаласының десанттық-шабуылдаушы бригадасының 33 жастағы офицері Серікбол Мұратханов айыпталып отыр. Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнардың өліміне кінәлі деп танылды. Оған «Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» бабы бойынша айып тағылып отыр.
Елнар Қансейіт 2022 жылы 6 қаңтарда Алматыдағы Фурманов және Сәтпаев көшелерінің қиылысында оққа ұшқан. Әскерилер оның көлігін атқылаған.
Сотталушының жұмыс орнында оң мінездемесі, бұрын сотталмағаны, психо-наркологиялық диспансерде есепте тұрмағаны, асырауында кішкентай балалары бар екенін, бірақ сонымен бірге оның кінәсінің бұлтартпас фактілері бар екенін ескере отырып, оны жеті жылға бас бостандығынан айыруыңызды сұраймын, - деді прокурор Әсет Жетібаев.
Елнар Қансейіт 2022 жылы 6 қаңтарда Алматыдағы Фурманов және Сәтпаев көшелерінің қиылысында оққа ұшқан. Әскерилер оның көлігін атқылаған.
Серікбол Мұратхан Талдықорған қаласындағы N18/404 әскери бөлімінде қызмет атқарған. Оған ҚР ҚК 451-бабының 2-бөлігі (билікті асыра пайдалану) бойынша айып тағылған.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?