Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖапонияда әлемде тұңғыш рет тіс өсіретін дәрінің клиникалық сынақтары басталды. 2024 жылы қолға алынған жаңа кезеңге 30 ер адам (жасы 30 бен 64 аралығында) қатысып жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл жаңалықты Киото университетінің ғалымдары жариялады. Олар ұзақ жылдар бойы кейбір сүтқоректілерде тіс өсуін тежейтін USAG-1 антиденесін зерттеген. Ғалымдар оның сүйек морфогенетикалық ақуызымен (BMP) байланысын бұғаттау арқылы тіс тінінің қайта қалпына келу жолын тапты. Әдістің негізінде онкологияны емдеуде кеңінен қолданылатын моноклоналды антиденелер технологиясы жатыр.
Жаңа дәрі көктамыр арқылы енгізіледі. Оның қауіпсіздігі бұған дейін жануарларға жасалған тәжірибелерде дәлелденген.
USAG-1-ді бұғаттау тіс өсуін іске қосатыны белгілі еді. Бірақ бұл толыққанды регенерацияға әкелуі мүмкін бе деген сұрақ туындады. Енді оның мүмкін екеніне көз жеткіздік, - дейді Китано ауруханасының стоматология және жақ-бет хирургиясы бөлімінің жетекшісі Кацу Такахаши.
Егер сынақтар сәтті аяқталса, ғалымдар 2026 жылдан бастап туа біткен адентиямен (төрт және одан көп тістің болмауы) ауыратын балаларды емдеуді жоспарлап отыр. Ал түпкі мақсат – 2030 жылға қарай дәріні жаппай қолжетімді ету.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?