Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы"Әкелер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігі театр қонақтарынан "жеті ата ұғымы" туралы сұрап білді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада жасы үлкен қариядан бастап жастарға дейін жеті атасын атап бере алмады.
"Театрға қош келдіңіздер. Қазақта жеті ата деген бар. Соны ретімен айтып бере аласыз ба", - деп сұрады жүргізуші.
"Мәссаған, бала, әке, ата..әрі қарай, тәте? Ой, ұят болды", "Жеті ата? Өзіміздің атамыз ба? Білмейді екем", "Жоқ, білмеймін", "Түсінбеймін", * деп жауап берді қонақтар.
Қазақ «Жеті атасын білмеген жетесіз» деп бекер айтпаған. Сол сияқты «Жеті атасын білген ер – жеті жұрттың қамын жер» деген сөз де бар. Ендеше, қазақтың жеті ата ұғымын біліп жүрген жөн.
"Бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата"ғ - деп жүргізуші дұрыс жауабын айтты.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді